Өзбекстан президенті елінің ЕурАзЭҚ-қа мүшелігін тоқтата тұру себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті елінің ЕурАзЭҚ-қа мүшелігін тоқтата тұру себебін түсіндірді

Өзбекстан президенті елінің ЕурАзЭҚ-қа мүшелігін тоқтата тұру себебін түсіндірді

Алматы. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Интеграциялық комитетіне хат жолдап, онда өз елінің ЕурАзЭҚ-қа мүшелігін тоқтата тұру себебін түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

«ЕурАзЭҚ күн тәртібіне қойылып талқыланып жатқан басты мақсаттар мен мәселелер тізімі көп жағдайда ТМД мен ҰҚШҰ қызметін қайталайды. Құрылымдарда, салалық және мекемеаралық кеңестерде, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ Парламентаралық ассамблеясына бірдей мемлекеттер мүше. Осының бәрі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық құрылымдардың жұмысының қайталануы мен параллель жүргізілуіне алып келеді. Оның аяғы қызметтің тиімділігі мен нәтижесіне сөзсіз әсерін тигізеді», — делінген хатта.

Сонымен бірге, И. Кәрімовтың айтуынша, Өзбекстан ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің Кедендік одағына қосылу принциптерімен келіспейді. «ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа елдер Кедендік одақтың құжаттарына қандайбір ескертусіз және келіспеушіліксіз қосылады деп қарастырылған, яғни, әр мемлекеттің көкейкесті мүдделерін талқылаусыз және ескерусіз қосылады деген сөз. Мәселенің бұлай қойылуымен біз, әрине, келісе алмаймыз», — деді Өзбекстан президенті.

«Жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, өзбек жағы өзінің ЕурАзЭҚ-қа мүшелігін тоқтата тұратындығын хабарлайды және осы шешім жөнінде ұйымға мүше елдерге хабарлауды сұрайды», -делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар