Жарияланды: 380

Өзбекстан президенті Наурыз мерекесін Астанада қарсы алады

Өзбекстан президенті Наурыз мерекесін Астанада қарсы алады

22-23 наурызда Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сапармен болады.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22-23 наурызда Астанаға Өзбекстан президентінің алдағы сапарынан кейін, Қазақстан елордасына Орталық Азиядағы мемлекеттердің кейбір басшыларының да сапарлары трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында елдердің бірлігінің тағы бір дәлелі болатынына сенімдімін», - деді министр.

Осы орайда Қ.Әбдрахманов Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасында екіжақты және көп жақты негізде шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2017 жылғы наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін