Өзбекстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті  ресми сапармен Қазақстанға келеді  - ҚР СІМ

Өзбекстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - ҚР СІМ

Астана . 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Сапар сәуірдің 22-23 жұлдызына межеленген.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, «сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, өңірлік проблемалар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылау межеленген».

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $1,4 млрд, 2006 жылы $703 млн болған.

«Бұл екі жақты тауар айналымының кейінгі екі жылда екі есе өскенін көрсетеді», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті