Өзбекстан президентінің немересі даулы сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президентінің немересі  даулы сұхбат берді

Өзбекстан президентінің немересі даулы сұхбат берді

Өзбекстан президенті әулетінің бірлігі талқан болды! Бұл туралы Ислам Кәрімовтың туған немересі жұртқа жайып салды. Атасының есімін алған 21 жастағы Ислам Кәрімов қазір Ұлыбританияда оқып жүр. Айтуынша, анасы, яки президенттің туған қызы Гүлнар әлі күнге үйқамақта отыр. Тіпті денсаулығы сыр берсе де, билік оны емдеу мекемелеріне жібермей қойған. Ресейлік тілшілерге бар жағдайды жайып салған Ислам атасының бұдан хабарсыз болуы мүмкін екенін де айтады.

  • 24 Маусым 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Тұманды Альбионда тұрып тағдыры тұманданып кеткен Ислам Кәрімов деген азамат бұл. Аттас атасының өзбек жұртын басқаратыны мәлім. Ал немересі Оксфордта оқып жүр. Гүлнардың 21 жастағы үлкен ұлы бұрын-соңды саяси мінберде сөйлемеген. Бірақ қазір өзі мен анасының басына туған қатер кіші Кәрімовты журналистерге жүгінуге мәжбүрлеген көрінеді.

Ислам Кәрімов, Өзбекстан президентінің немересі:

-Белгісіз біреулер атам мен анамның арасына әдейі от жағып, екеуін араздастырып отыр. Айтқан сөздерін бір-біріне өзгертіп жеткізуде. Сол себепті президент, яғни атам отбасында нақты қандай қиындықтар боп жатқанынан хабарсыз.

Хабарсызын қайдам, бірақ үлкен қыздың қылықтары Ислам Кәрімовтың  қытығына әбден тисе керек. Әулетінде кикілжің туғанда тұңғышынан аз уақыт алшақтап кеткен президент биыл немересін туған күнімен құттықтамапты. Ұлыбританиядан алып-ұшып келген Исламды анасы Гүлнармен қоса үйіне кіргізбей қайтарған.

Ислам Кәрімов, Өзбекстан президентінің немересі:

-Біз барлық туған күндерді атамыздың үйінде атап өтетінбіз. Бірақ бұл жолы қызметшілері бізді есіктен кіргізбей қойды. Бұйрық берілген деді. Меніңше, атам біздің онымен хабарласа алмай жүргенімізді білмейді.

Кәрімовтер әулетіндегі алғашқы кикілжің президенттің екінші қызы Лоланың берген сұхбатынан соң шықты. Ол өз сөзінде әпкесімен бірнеше жылдан бері араласпайтынын айтқан. Жауап ретінде Гүлнар Кәрімова сіңілісінің есірткісіз ес жия алмайтын есерсоққа айналғанын, ал туған анасы яғни президенттің бәйбішесі жын-перілермен әуейі екенін жайып салған. Артынша ақиқатты айтамын деген Гүлнар өлім аузынан қалған көрінеді.


Ислам Кәрімов, Өзбекстан президентінің немересі:

-Осыдан екі жыл бұрын анам екеумізді улап өлтірмекші болды. Жас болған соң мен тез есімді жидым, бірақ бір жарым жылдай емделдім. Ал анам әлі күнге дейін ем қабылдауда. Бірақ қазір үйқамақта отырған соң қажетті дәрі-дәрмекті алатын мүмкіндігі жоқ.

Сұхбатқа арқау болған Гүлнар Кәрімова 10 жыл отасқан жұбайы, кәсіпкер Мансұр Мақсудидан 2001 жылы ажырасқан-ды. Америкадан ұлы мен қызын алып Өзбекстанға әкесінен пана іздеп келген. Тіптен сот балаларын әкесіне қайтаруды талап еткенде де президент-ата жәрдем жасаған еді. Ал қазіргі кикілжіңді кіші Кәрімов ешкімнен жасырмай отыр.