Өзбекстан қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ - Абиба Абужақынова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ -  Абиба Абужақынова

Өзбекстан қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ - Абиба Абужақынова

Өзбек жерінде дүниеге келген дзюдоист Абиба Абужақынова не себепті атамекенге қоныс аударғанын айтты. 

  • 6 Маусым 2023
  • 25242
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мен ол жақта 13,14,16 жастағы жастар арасындағы чемпионаттарды ұттым. Бірақ мені шығарған жоқ олар, себебі қазақ болдым. Ақшалай жарыстарға алып шыққан жоқ. Өзің төлеу керексің деп айтты. Мен отбасында жалғыз қыз емеспін, екі әпкем, бір інім бар. Әпкем англискийге қатысады, екінші әпкем мед колледжде оқитын еді. Оның да химия сияқты қосымша сабақтары болды. Мен спорт саласын таңдадым, маған қатты көңіл бөлген жоқ. Жарыстарға сол үшін барған жоқпын. Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан чемпионаты қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ. Содан соң мамамның шешімі бойынша сен үшін Қазақстанға қоныс аударамыз деп шешті"- деді ол. 

 

Соңғы жаңалықтар