Өзбекстан жолаушылар вагонын Қазақстан мен Ресейге экспорттай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан жолаушылар вагонын Қазақстан мен Ресейге экспорттай бастады

Өзбекстан жолаушылар вагонын Қазақстан мен Ресейге экспорттай бастады

Орталық Азиядағы жалғыз «Ташкенттік жолаушы вагондарын жасау және жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы Мade in Uzbekistan белгісімен әлемдік нарыққа шықты, деп хабарлады centralasian.org «Узбекистон темир йуллари» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Қазан 2017
  • 296
Фото - Caravan.kz

2016 жылы плацкарт және купе вагондары Қазақстан мен Ресейдің қызығушылығын туғызған. Келісім бойынша жыл аяғына дейін бес плацкарт және бес купе вагондары тапсырыс берушіге жеткізіледі. Өндірістің халықаралық стандартқа сай екендігі туралы сертификатты ол биыл маусымда алды.

Вагондарға су тазартудың жетілдірілген жүйесі, кондиционер, жарық орнатылған. Интерьері түрлі-түстерге толы. Сыртқы дизайны тапсырыс беруші талаптарына сай.

Шетелге шығарылатын вагондар рельспен түзу жүретін арбалармен жабдықталған. Ташкент зауыты мұндай арбаларды 2011 жылы шығара бастады.


Соңғы жаңалықтар