Жарияланды: 50

Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеев айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Медицина қаншалық дамыса да, мемлекет қанша қаражат бөлсе де, халық дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, карантин ережесін сақтамаса, пандемиямен күресіп жатқан азаматтардың барлық шарасы босқа кетеді", - деді президент.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті елдегі жағдайға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, үндеу жасамаған өңір басшыларын сынға алды.

"Жергілікті телеарналар, газеттер мен журналдарда жұмыс дұрыс деңгейде атқарылмай жатыр", - деді ол.

Осыған байланысты президент облыс, аудан және қала басшыларына күні-түні жұмыс істеу керегін айтып, коронавирустың алдын алу үшін жұмыстар жүргізілу керегін ескертті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін