Өзбекстанда 40 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырғанмен, оның 90 пайызы сауығып шыққан, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Өзбекcтан билігі ауыр халде жатқан науқастары емдеу үшін Ресей, Германия мен Қытайдан маман шақыртқан. Бірақ Президент Шавкат Мирзиёев "жағдай жақсарды екен" деп халық сақтық ережелерін елемейтін болса, карантин шараларын қайта күшейтетінін ескерткен екен.