Өзбекстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді

Өзбекстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді

Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанға белгіленді, деп хабарлады Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау науқаны 2016 жылғы 9 қыркүйекте басталады.

  • 9 Қыркүйек 2016
  • 638
Фото - Caravan.kz

«ӨР Конституциясының 96, 117-баптарына, сондай-ақ «ӨР Президентін сайлау туралы» Заңның 8-бабына, «ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы» заңның 5 және 9-баптарына сәйкес жексенбі, 2016 жылғы 4 желтоқсанды Президентті сайлау күні деп белгілеу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша науқанды осы жылғы 9 қыркүйектен бастайтыны жайлы хабарлады», — делінген ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға әзірлік және оны өткізу бойынша негізгі шаралар бағдарламасы бекітілді.


Соңғы жаңалықтар