Жарияланды: 530

Өзбекстанда қазақстандық туристерге қатысты іс әкімшілік бұзушылық деп қайта бағаланды

Өзбекстандық шекарашылар ұстап алған қазақстандық туристерге қатысты іс қайтадан әкімшілік бұзушылық деп бағаланды, деп Өзбекстандағы ҚР елшілігіндегі дереккөз хабарлады.

«Қазақстандық туристерге қатысты құқық бұзушылық іс тоқтатылып, ол әкімшілік бұзушылық деп бағаланды. Тергеу материалдары жақында Өзбекстандағы ҚР елшілігіне жіберіледі», - деп агенттікке елшіліктегі дереккөз дүйсенбі күні хабарлады. Бұрын хабарланғандай, Қазақстан тауларында 8 жасөспірім және 4 ересектен тұратын туристік топ жоғалып кетті. Ол топ Шымкенттен 10 шілдеде шығып, Сайрам шыңына бармақшы болған, бірақ 14 шілдеде оларды Өзбекстан территориясында шекарашылар ұстап алды. Қазақстанда туристік топтың жоғалғаны туралы тиісті органдар олар қайтып келетін 20-шы шілде деп болжанған уақыттан 5 күн кешіккен соң естіген. Жоғалған альпинистерді іздестіруге ТЖМ оперативтік-құтқарушылар тобынан, шекарашылардан, атты полиция, жолсеріктер – альпинистер, сондай-ақ ерікті – туристерден, барлығы 45 адам іздеуге шыққан. Тек 27-ші шілдеде, олар Өзбекстанда ұсталды деген хабар келіп түскен. Өзбектердің шекарашылары оларды шекарадан заңсыз өткен деп айыптады. Істің қиындағаны - туристік топтың бір мүшесінде тегіс ұңғымалы мылтық болуынан, оны шекарадан заңсыз қару алып өту бабымен айыптады. Өз кезегінде Қазақстан өзбектер жағын Вена конвенциясына сай, шетелдік азаматтарды ұстаған жағдайда екінші тарапты дер кезінде хабардар ету керектігін ескертті. Балалар сенбі күні түнде оралды. Оларды 23 сағат дегенде Жібек Жолы бекетінен босатты. Жасөспірімдерді отбасылары мен журналистер қарсы алды. Екі апта бойына олар жасөспірімдер лагерінде болыпты. Ересектер Қазақстанға кешегі жексенбіде оралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін