Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ташкент және Бұхара облысында 28-30-наурыз аралығында жалғаса шыққан лаңкестік әрекеттерден 22 адам қаза тауып, 35 адам жараланды. Жарылыстар алдында Ташкенттегі құқық қорғау мекемелері қызметкерлеріне бірнеше шабуыл жасалған. Қаза тапқандардың он шақтысы милиция қызметкерлері , қалғандары қарапайым азаматтар.

Осы уақытқа дейін Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 30 адам ұсталды. Олардың бірінен Ташкентке алып өтуге әрекет жасалған 10 жасанды жарылғыш заттар тәкіленді.
Жалғаса орын алған жарылыстар мен өкімет өкілдеріне жасалған шабуылдарды тексеру үшін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың басқаруымен арнаулы үкіметтік комиссия құрылды.