Жарияланды: 670

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі қазақстандық альпинистердің ұсталуына байланысты сол елдің СІМ-не нота табыс етті

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі қазақстандық альпинистердің ұсталуына байланысты түсініктеме беруін өтініп, Өзбекстан СІМ-не нота табыс етті, -деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

«Біздің елшілік Өзбекстан СІМ-не қазақстандық альпинистерге не болғанын түсіндіруін өтініп, нота табыс жіберді», - деді ол бейсенбі күні ҚазТАГ-қа телефон арқылы. Бұрын хабарланғандай, өзбектердің билігі кездейсоқ олардың территориясында болып қалған қазақстандық альпинистерді, шекараны заңсыз өтті деп айыптап отыр. Топтың құрамында 8 бала мен 4 ересек бар. 10 шілдеде олар Шымкенттен шығып, Сайрам шыңына шықпақшы болып жолға аттанып, бірақ 14 шілдеде Өзбекстан территориясында ұсталған. Қазақстанда туристік топтың жоғалғаны туралы тиісті органдар олар қайтып келетін 20-шы шілде деп болжанған уақыттан 5 күн кешіккен соң естіген. Жоғалған альпинистерді іздестіруге ТЖМ оперативтік-құтқарушылар тобынан, шекарашылардан, атты полиция, жолсеріктер – альпинистер, сондай-ақ ерікті – туристерден, барлығы 45 адам іздеуге шыққан. Тек 27-ші шілдеде, олар Өзбекстанда ұсталды деген хабар келіп түскен. Қазіргі кезде балалар Ташкент облысындағы Янгиюль қаласындағы кәмелетке толмаған балаларға арналған лагерде. Қазақстандық төрт ересек Ташкент облысының Қыбрай қаласындағы реабилитациялық орталықта. Істің қиындап тұрғаны, ересектердің бірінде тегіс ұңғыма мылтық оғымен болғандығында. Сол үшін оған «заңсыз қару алып өту» бабы тағылуда. Бұрындары Өзбекстандағы ҚР елшісі Бабур Дәренбек Ташкенттегі журналистерге Қазақстанның кәмелетке толмаған 8 жасөспірімі 30 шілдеге дейін үйлеріне қайтарылады, ал ересек төртеуі Өзбекстан органдарының тергеу шаралары аяқталғанша Өзбекстанда болады деп мәлімдеген. «Ұсталғандар медициналық көмекке мұқтаж емес, жағдайлары жаман емес», - деп Б. Дәуренбек мәлім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін