Өзбекстандағы қазақтардың жағдайы билікке Мирзияев келгелі қалай өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Өзбекстандағы қазақтардың жағдайы билікке Мирзияев келгелі қалай өзгерді

Өзбекстандағы қазақтардың жағдайы билікке Мирзияев келгелі қалай өзгерді

Осы елде тұратын қазақтар Шавкат Мирзияев билікке келгелі жағдайлары жақсара бастағанын айтады.

  • 12 Наурыз 2018
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бірақ кейбір сарапшылар бұл пікірмен келіспейді, деп хабарлады Азаттық радиосы.

«Қазақстанға көшетіндер саны азайды»

Ықылас Тұрғанбаев Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданындағы орта мектептердің бірінде мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, билікке Шавкат Мирзияев келгелі жағдай біршама түзелген.

— Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындарға жеке кәсібін дамыту үшін төмегі пайызбен несие беру мәселесі жолға қойыла бастады.Соңғы уақытта Қазақстанға көшетіндердің саны да бірден азайған, — дейді ол.

«Милиция метрода суретке түсіргенің үшін тергеуге алатын»

Ташкент облысының жоғарғы Шыршық ауылында туып өскен, қазір Шымкент қаласында тұратын Нұрғиса Дусетовтің айтуынша, Өзбекстандағы өзгерістерге қарапайым халық таң қалып жүр.

— Жұмыс орындары ашыла бастады. Туризмді дамыту мақсатында кез-келген елге виза беріле бастады. Бұрын басқасын былай қойғанда метроның өзінде суретке түсу мүмкін емес еді. Кейде бір үлкен ғимараттардың жанында фотоға түсіп жатсаң милициялар келіп сені тергеуге алатын. Қазір ондай оқиғалардың бір де бірі жоқ, — дейді ол.

«Жергілікті қазақтар жоғары лауазымды қызметтерде отыр»

Ал Ташкентте тұратын Арнат Досан Азаттыққа Аөтөбедегі автобус апатынан кейін билік халыққа арналған бірнеше жоба бастағанын айтады. Мәселен билік кәсіп бастаушыларға пайызсыз несиелер беріп, жалға алған ғимараттардың жалдау шығынын бюджеттен өтеп беріп жатыр.

— Өзбекстандағы қазақтардың 30 пайызы лауазымды қызмет жасайды. Бірақ жергілікті өзбек ұлтының өкілдері секілді қазақтар да қазір қара жұмыстарға бейімделген. Жастар негізінен құрылыста, фабрикада немесе тігін цехтарында жұмыс істейді. Бұрын Өзбекстанда жұмыссыздық көп болды,-деді ол.

«Ешқандай нәтиже жоқ»

2000 жылдары Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген журналист Ахмет Өмірзақ Мирзияев келгеннен кейін жағдай өзгерген сияқты көрінгенімен шын мәнінде бәрі бұрынғы қалыпта екенін айтады.

— Өзбекстанда шынайы ақпарат сыртқа шықпағаннан кейін қарапайым жұрт болмашыға сенеді. Жаңа президент қандай да бір өзгеріс жасағысы келеді. Бірақ экономиканың әлсіздігі мен нарықтық экономиканың заңдарына толық еркіндік бермегеннен кейін бәрібір нәтижесіз болып жатыр. Өзбекстанның оқшаулану саясаты әлі ашылып кете қойған жоқ, — дейді ол.


Өзбекстанда қазақ мектептері азайған

Өзбекстан қазақтары елдегі қазақ мектептерінің біразы аралас не өзбек мектептеріне айналып жатқанын айтады. Олар қазақ мектептерінің азаюына ата-аналардың өтініші себеп дейді.

Тұрғанбаевтың сөзінше, "қазақ мектептерінің жабылуына бір кездері жергілікті қазақтардың Қазақстанға түп қопарыла көшуі де себеп болған.Қазір қазақтар ғана тұрған кей ауылдар қаңырап қалған".

Ал Ахмет Өмірзақ "қазақ мектептерінің жабылуына аз ұлт өкілдеріне арналған мектептердің толық болмауы яғни тоғыз сыныптық мектеп деңгейінде қалуы себеп болды. Өйткені өзге ұлт өкілдері оқитын мектептің оқушылары тоғызыншы сыныптан кейін тек колледждер мен акедемиялық лицейлерге кетіп қалды. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшін он бір жылдықты өзбек тілінде бітіру керек. Міне, осы себепті қазақтар балаларын тек өзбек мектептеріне беруге мәжбүр болады. Шын мәнінде ол жақта қазақ тілінде жоғары білім алу жылдан жылға азайып бара жатыр" дейді.

Әйтседе, Өзбекстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов "Өзбекстанда 396 қазақ мектебі бар деген дерек келтірді.

 

 

Оқи отырыңыз:

Жыныстық акті кезінде түрік жігітті ойлайтын әйел гей туады – имам
Шымкентте бір күн бұрын із-түссіз жоғалған 2 жасар бала өлі күйінде табылды

 

Соңғы жаңалықтар