Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болды

Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болды

Алматыда полицейлер ерлі-зайыптылардың жаңа туған баланы сату фактісін анықтады.

  • 28 Маусым 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматыда полиция Өзбекстан Республикасының азаматтарының жаңа туған баланы Жамбыл облысының тұрғынына сату фактісін анықтады", — деді Нұрділдә Ораз брифингте.

Ол сондай-ақ Маңғыстау облысында еңбекке жегу фактісі анықталғанын, онда шаруа қожалығының басшысы физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, 59 жастағы ер адамды мамырдан маусымға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартқанын айтты.

"Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Адамдарды сату саласындағы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық және адамдары ұрлау қылмыстарын анықтау жұмыстары жалғасуда", — деп атап өтті Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар