Өзбекстандықтарға Кеден одағы елдеріне насыбай алып бармау ескертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандықтарға Кеден одағы елдеріне насыбай алып бармау ескертілді

Өзбекстандықтарға Кеден одағы елдеріне насыбай алып бармау ескертілді

Өзбекстан мемлекеттік кеден комитеті Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь, Қазақстан, Ресей) насыбайға тыйым салынғанын азаматтардың есіне салды, деп хабарлайды gazeta.uz.

  • 1 Ақпан 2017
  • 315
Фото - Caravan.kz

Темекі мен өзге қоспалардан тұратын насыбай Өзбекстан мен оған көршілес елдерде кеңінен тараған. Кеден одағы елдеріне насыбайды алып кіруге, айналымға жіберуге өндіруге және сақтауға тыйым салынған.

Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитетінің деректері бойынша, 2016 жылы бір ғана «Ташкент-Минск» әуе рейсінің жолаушыларынан 100 келіден астам насыбай тәркіленген (43 кедендік заңнаманы бұзу фактісі бойынша).

Құқық бұзушылар барған елдің заңнамасы бойынша жауапқа тартылады. Тәртіпті сақтай отырып, жолаушылар өзін ғана емес, өз елінің абыройын да қорғайды, делінген Өзбекстан кеден мекемесінің хабарламасында.  


 

Соңғы жаңалықтар