Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару көлемі 2008 жылы 20%-ға артады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару көлемі 2008 жылы 20%-ға артады

Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару көлемі 2008 жылы 20%-ға артады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ішкі нарығына 2008 жылы Өзбекстаннан жеткізілетін көгілдір отын көлемі 20 % ұлғайтылады. Бұл туралы кеше ҚР Энергетика мен минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев үкіметтің өткен отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін «ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Газпром», «Өзбекмұнайгаз» арасында СВОП операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газды жеткізу жөнінде келісім жасалды. Бұл 2007 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық «, -деді С. Мыңбаев.

Оның деректері бойынша Қазақстан үшін биылғы жылдың бірінші жартысында газ құны өткен жылғы денгейде қалдырылады. «Ал екінші жарты жылдықта баға көтеріліп, бір текше метр көгілдір отын құны $85 құрайды», — деп толықтырды ойын министр.

«»ҚазТрансГаз» АҚ күз-қыс маусымында өзінің жер асты газ қоймаларына 756 млн текше метр табиғи газ сақтауды жоспарлап отыр «, — деп қорытындылады ЭМРМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті