Жарияланды: 70

Өзге ұлттар қазақ мектебіне, қазақтар орыс мектебіне барып жатыр

Өзге ұлттар қазақ мектебіне, қазақтар орыс мектебіне барып жатыр

2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа 389 188 бала барды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі Halyq Uniредакциясының ресми сауалына.

Министрліктің мәліметінше, 2018-2019 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар саны 379 289-дан биыл 389 188-ге жетіп отыр. Яғни бес жылда бірінші сынып балалары 2,6% көбейген.

Егер 2018-2019 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған балалардың 247 671-і (65,3%) қазақ тілінде, 120 615-і (31,8%) орыс тілінде, 11 003-і (2,9%) басқа тілде оқыған.

Айта кетерлігі, 2018 жылы Қазақстандағы халықтың 67,3%-ы қазақ, 19,7%-ы орыс, 13%-ы басқа ұлт өкілі болды.

Арада бес жыл өткенде, 2022-2023 жылдары бірінші сыныпқа барғандардың 256 393-і (65,88%) қазақ тілінде, 122 186-сы (31,39%) орыс тілінде, 10 609-ы (2,73%) басқа тілде білім алып жатыр.

Ал 2022 жылы халықтың 70,18%-ы қазақ, 15,81-ы орыс, 14,01%-ы басқа ұлт өкілі болды.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, қазақ тілінде білім беретін сыныпқа барған балалар саны көбейді демесеңіз, қазақтардың үлесінің өсімімен салыстырғанда, қазақтар балаларын қазақ мектебінен гөрі орыс мектебіне беруді көбейтті деген қорытынды шығаруға болады. Өйткені, 2018 жылы қазақтардың үлесі халықтың 67,3%-ы болғанда 31,8%-ы қазақ мектебіне барса, 2022 жылы жергілікті халық үлесі 70 пайыздан асқанда көрсеткіш болмашы ғана өзгеріп, 31,39%-ды құрады.

Ал орыс мектебіне баратын қазақ балалар 2018 жылғы 50 769-дан 2022 жылы 51 982-ге артты.

Есесіне балаларын қазақ тілінде оқытқысы келетін ұлты қазақ емес ата-аналар көбейген. 2018 жылы ұлты қазақ емес 7200 бала қазақ мектебіне барса, 2022 жылы олардың саны 7537-ге жетті. Басқаша айтқанда, 2018 жылы халықтың 34,7%-ы қазақтан өзге ұлт өкілдері болғанда мектеп табалдырығын аттағандардың ішінде қазақ мектебіне барған өзге ұлт өкілдерінің үлесі 1,90%-ы болса, 2022 жылы көрсеткіш 1,94%-ды құрады.

1-сынып оқушыларының контингенті (Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі негізінде):

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін