Өзгелерге көңіл бөл... - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзгелерге көңіл бөл...

Өзгелерге көңіл бөл...

Мен бұған сене алмадым.

  • 15 Тамыз 2013
  • 662
Фото - Caravan.kz

 

        — Ойбай, із-түссіз әйелім жоғалып кетті! — деп айғайлап кіреді бір еркек полицей учаскесіне.

— Қашаннан бері? — деп сұрады полицей.

— Бес, не алты жыл! 

— Бес, не алты жыл?! — деп қайталайды таң қалған полицей. –  Соншама уақыт неге үндемей жүрдіңіз, алты жыл бойы ат тағаладыңыз ба,  неге бірден хабар айтпадыңыз?!

— Қалай десем екен… Түсінесізбе, — дейді еркек. – Менің өзім бұған сене алмай жүрдім!

                             **

Төрт қызметші

Шәкірті ұстазынан:

— Йен-Ю қандай адам осы?

— Оның мейірімділігі менікінен асып түседі.

— Цзы-кун ше?

— Шешендігі менен артық.

— Цзы-лу ше?

— Батылдығы басым.

—  Цзы-чан ше?

— Адамгершілігі менікінен артық.

— Онда неге ол төртеуі сізге қызметші болып жүр?

— Отыр, мен саған асықпай баяндап берейін, — деді  ұстаз.

— Йен-Ю өте мейірімді, бірақ кейде қатігездікке бастап апаратын кезде нәпсісін тежей алмай қалады. Цзы-кун сөзге шешен, бірақ кейде артық сөйлеп қояды,  яғни керек кезде тілін тыя алмайды.


Цзы-лун батыл жан, бірақ батырдың аңғал келетінін өзің білесің ғой. Цзы-чан өзін жақсы ұстайды, бірақ көпшілік ортасында ынжықтығы да бар. Сондықтан да мен бұл төртеуінің жақсы қасиеттерін өзімдікіне жеке-жеке ауыстырмас едім. Сол себепті олар пәк жүректерімен маған қызмет етеді.

                                            ***

Соқыр сенім

— Хақиқатқа жету үшін кез-келген саяхатқа аттануға дайынмын,- деді қызуқанды шәкірт Ұстазына. Ұстазы бұл сөзге таңырқап: — Қашан аттанбақшысың?-деп сұрады.

— Сіз қашан және қай бағытқа қарай жүру керек екенін айтсаңыз болды, — деді шәкірт.

— Сенің мұрның қай бағытқа қарап тұрса,  солай қарай жүру керек шығар деп ойлаймын.

— Ым-ым-ым. Ал қай жерде тоқтауым қажет?

— Қалаған жеріңде!

— Сол жерден Хақты табамын ба сонда?

— Әлбетте! Ол сенің тұмсығыңның астында тұрып,  сенің түк көрмейтін көзіңе үңіліп тұрады, — деді Әулие.

Авторы:  Жүрсін Кәрім