Өзгені атамын деп досын өлтіріп алды – Алматы облысындағы қылмыстың мән-жайы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзгені атамын деп досын өлтіріп алды – Алматы облысындағы қылмыстың мән-жайы

Өзгені атамын деп досын өлтіріп алды – Алматы облысындағы қылмыстың мән-жайы

Алматы облысында ауыл тұрғыны жақын досын атып тастады. Кінәлі деп танылған адам мүлкi тәркiленіп немесе онсыз 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өмiр бойына түрмеге қамау жазасы да қарастырылған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 8 Қазан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 1 қазанда түнгі сағат 01:00 кезінде Талғар аудандық полициясына Бесағаш ауылынан шұғыл хабар түсті. Көшеде оқ жарақатын алған ер адам табылды.

Оқиға орнына барған полицейлер мейрамхананың алдында екі топ жанжалдасып қалғанын анықтады. Төбелестің арты атысқа ұласқан. Сол кезде бір ер адамға оқ тиген. Басқалары қашып кетті.

Бесағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол алған жарақатынан қайтыс болды.

"Шұғыл іздестіру шаралары барысында осы ауылдың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол оқ жарақатынан қайтыс болған адамның жақын досы болып шықты", — дейді полицейлер.

Күдікті досын қалай атып тастағанын да айтты. Ол жанжал кезінде қарсы жаққа мылтық кезеп, оқ атқысы келген. Бірақ досы кедергі жасаймын деп, қаруды ұңғысынан ұстап алған. Ал күдікті шүріппені басып жіберген. Досы қатты жарақат алды.

Төбелес кезінде адамға оқ атылғаннан кейін бәрі бытырап қашқан. Сол жерден өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жарақат алған ер адамды ауруханаға апарып тастады. Досы да бірге барған. Бірақ жауапкершіліктен қорқып, бірден кетіп қалған.


Күдікті мылтықты заңсыз сақтаған. Бір апта бұрын жүгері егістігінде 12 калибрлік "Винчестер" маркалы тегіс ұңғылы қару мен төрт патронды тауып алдым дейді. Ал жанжалдан кейін мылтықты өзенге лақтырып жіберген.

Қазіргі кезде қылмыстық кодексті 99-бабы, 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Айта кетері, осы бап бойынша кінәлі деп танылған адам мүлкi тәркiленіп немесе онсыз 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өмiр бойына түрмеге қамау жазасы да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар