"Өзіміз де шокта болып жүрміз": Павлодар облысында мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзіміз де шокта болып жүрміз": Павлодар облысында мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді (ВИДЕО)

"Өзіміз де шокта болып жүрміз": Павлодар облысында мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабаған. Ауыр соққыдан ол ауруханада көз жұмды.

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Шарбақты ауданында болған. Отбасылық мерекеде бас қосқан директор мен орынбасар өзара сөзге келіп қалып, ақыры бастығы қызметкерін соққыға жығыпты. Ауруханада ол бір апта жатып, жарақатының ауырлығынан қаза болды. Жанжалдың нақты неден туғаны белгісіз. Келтірілген деректерге қарағанда, шенеуніктің екеуі де спорт шеберлері. Бұл ақпаратты Шарбақты ауданы басшылығы растады.

Бақыт СМАКОВ,Шарбақты аудандық мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Енді осындай жағдай болып қалды. Жұмыстан тыс уақытта болған кез. Түнгі уақытта болған. Спорт мектебінің жағалауында болған емес мына жағдай. Білмеймін. Өзімізде шокта болып жүрміз ғой. Не себептен олай бір-бірімен төбелескен пока айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін бәрі анықталады.