Жарияланды: 120

Өзін қатты жақсы көретін Нұрболат Абдуллин елден сөз естіп тынды (фото)

Өзін қатты жақсы көретін Нұрболат Абдуллин елден сөз естіп тынды (фото)

"Өзімшіл", "өзіне тым сенімді", "өзіңе көп аласың" - Нұрболат Абдуллиннің желідегі соңғы жазбаларын көрген жұрт дәл осылай деп ой түйді.

Көпшіліктің пікірінше, екі баланың әкесі атанып үлгерсе де, Нұрбуллин нәзік жанды арулардың жүрегін жаралауды доғарар емес, деп жазады Stan.kz.

Нұрбуллиннің желідегі әр фотосына қарап тамсануға болады. 

"Өзіңе жақсы болмайды, ұнатпа мені", "Мен үшін жүрегің неше рет соғады?" сынды жазбаларына қарап, Нұрболат арулардың жүрегін жаулап алғысы келеді деген де ой келеді.

"Нұрболат, бойдақ жігіт сияқты ұстама өзіңді! Одан да әп-әсем келіншегіңді, қыздарыңды ашық жария етсейші! Міне сонда сені супер семьянин деп қабылдаймыз! Ал мына жүрген жүрісің - көптің бірі. Ондайлар көп дегенім ғой! Сенің орындаған әндерің, дауысың, түр -сымбатың керемет! Тек өзінше мачо болмай-ақ қойшы!" - деп ақыл-кеңесін айтты оқырмандардың бірі.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть