Өзіне тағылған айыпты жалған деген Михаил Саакашвили Америкада бас сауғалап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзіне тағылған айыпты жалған деген Михаил Саакашвили  Америкада бас сауғалап жүр

Өзіне тағылған айыпты жалған деген Михаил Саакашвили Америкада бас сауғалап жүр

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің соты 22 қыркүйекке белгіленді. Бірақ процесс оның қатысуынсыз өтпек. Өйткені 46 жастағы саясаткер қазір Америкада бас сауғалап жүрген көрінеді.

  • 8 Тамыз 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


2004-2013 жылдар аралығында Грузияны басқарған Михаил Саакашвилиге мемлекет қазынасын талан-таражға салды деген айып тағылған. Сондай-ақ, 2007 жылы Тибилисиде болған көтеріліс кезінде халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берді деген де кінә артылуда. Экс-президентпен  онымен бірге істеген тағы 5 шенеунік істі болып жатыр. Ал кеше прокурорлар Саакашвилиге қатысты тағы бір деректі алға тартты. Яғни бұрынғы президент 2005 жылы Грузия парламентінің депутаты Валерий Гелашвилиге қарулы шабуыл жасауға тапсырыс берген көрінеді. Десе де айыптың барлығы оған тек сырттай тағылып жатыр. Ал Саакашвили АҚШ журналистеріне мұның бәрі жала деп сұхбат берді. Қазір Нью-Йорк қаласында тұратын ол сондағы бір университетте сабақ береді екен.