"Өзің тудың ба?": Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң қызды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 524.58
  • 551.91
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзің тудың ба?": Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң қызды болды

"Өзің тудың ба?": Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң қызды болды

Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң қызды болды.

  • 3 Желтоқсан 2019
  • 4331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған жұп 22 жылдан соң қызды болды. Үлкен ұлдары Қазыбек нәрестенің есімін Дара деп қойған. 

"Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар😻🤙🏻 Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес — досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше-Дара атқа ие болды!", деп жазды Қазыбек. 

Жанболат мырзаның айтуымен баланы қырқынан жасырын ұстау керектігін айтқан.


"Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан zhanbolat_erbatyrovтан бүгін рұқсат алдық!", деп жазды әнші Жазира Байырбекова. 

Бұл қуанышты әнші жұптың әріптестері де білмеген сыңайлы. Көпшілік оқырман құттықтағанымен, сенбеушілік танытқандар да болды. 

"Өзің тудың ба? Ішің түк те білінбеді ғой", "Өзә туды ма?", "Қашан босандыңыз? Қанша айлық болды" деген сұраулар да аз кездеспеді.