Өзіңе қол салғың келе ме? Оқушыларға осындай сұрақ қойылған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзіңе қол салғың келе ме? Оқушыларға осындай сұрақ қойылған

Өзіңе қол салғың келе ме? Оқушыларға осындай сұрақ қойылған

Өзіңе қол салғың келе ме? Оқушыларға осындай сұрақ қойылған.

  • 20 Наурыз 2019
  • 60
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзіңе қол салғың келе ме? Егер қаласаң, қандай жолды таңдар едің? Мектеп оқушыларына қойылған бұл сұрақтар ұстаздардың да, ата-аналардың да жағасын ұстатты. Жеткіншектерді теріс қылыққа итермелейтін тестті қызылордалықтар тоқтату керек дейді. БҰҰ балалар қоры ұсынған мұндай сауалнама өңірде 4 жылдан бері өткізіліп келеді екен. Бағдарламаға жауаптылар сынақ суицид көрсеткішін азайтуға бағытталған деп жарнамалаған. Алайда, сауалнама кері нәтиже берді. 

Жаңақорғандық ұстаз жағасын ұстап отыр. 20 жылдық тәжірибесі бар психолог Ләззат Шауенова осыдан төрт жыл бұрын Балалар қоры ұсынған бастамадан бас тартуды талап етуде. Ондағылар оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, суицидке бейімі бар жеткіншектерді анықтаудың жолын нұсқапты. Алайда сынақтағы сауалдар ашуын келтірген.

ЛӘЗЗАТ ШАУЕНОВА, ПСИХОЛОГ-МАМАН:
"Өзің ашуланған кезде өзінін өмірден бас кешкен уақытың болды ма немесе қандай жолды таңдар едің басынан өткен кезде" деген сияқты балаға ауыр тиетін сұрақтар бар. Білмеймін енді, бұл әдістемені ЮНИСЕФ пилоттық жоба етіп бізге енгізді ғой. Бірақ қазақтың менталитетінде қаншалықты бұл мүмкін, біздің балалар бұл сұрақтарға жауап беруге дайын емес шығар?».

Психологтың пайымынша, ауыр сұрақ қоймас бұрын баланың ата-анасынан рұқсат алу керек. Алайда, мұхит асып келген бағдарламаның «ерекшелігі» туралы үлкендер тек сынақтан соң естідік деп отыр.

МЕЙРАМКҮЛ САПАРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Менің ұлым 8-ші сыныпта оқиды. Кешегі күні әкесіне келіп, ЮНИСЕФ-тен келген сауалнама қойылған екен, сол жөнінде әкесінен сұрады: — Ең соңғы сұрақ қана есімде қалып отыр. Осы мен өмірден өтсем басқа адамдарға жақсы болады ма?-деген сұрақ екен. Бала осындай сұрақтардан шошынған секілді. Осындай сауалдардың әсерінен оқушыларға осындай жаман ықпал тигізеді ма деген ата-ана ретінде осы сауалдарға қарсы болып отырмыз».

ШАРБАНУ ЖАРКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мен өзім ана болғандықтан, ҚР-ның азаматы болғандықтан ондай провакационный вопростарды қоймау керек қой балалардың ойына. Айтады ғой адамның миында болса ол тұқым дейді, оны егер де тұқымды ексе ол әрі қарай өседі. Сондықтан ешқандай жаман ойды салмау керек дейді.

Сұрақ мектепте қойылған соң, сауалнаманы жүргізуге не себеп болғанын білім басқармасынан білгіміз келді. Бірақ камерадан қашқан басшы сол күйі жауап бермеді.

МАЙРА МЕЛДЕБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Сіз пока тұра тұрыңызшы. Мен внутренний политикамен сөйлесіп келейін. Қазір мен өзіңізбен сөйлесіп алайыншы. Шыға тұрыңыздар.

Сауалнама арқылы депрессияға душар, суицидке бейім жеткіншектерді анықтап, олармен жұмыс істеу көзделген болатын. Алайда, шара кері әсер берген көрінеді.

ЛӘЗЗАТ ШАУЕНОВА, ПСИХОЛОГ-МАМАН:
«Пилоттық жоба жемісін берсе 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша 6 бала екен өз-өзіне қол жұмсаған, ал енді 18-де ол 13-ке көтеріліпті. Бұл сонда жеміс берсе неге соншалықты көтеріледі? Соған қарағанда мен ешқандай жеміс берді деп ойламаймын».

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері суицидтің көбеюін тек сауалнамадан көру әбестік дейді. Жастар арасындағы өлім-жітім бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіргендіктен бір шара қолдану керектігі аңғарылды. Англия, Американың оқушылары арасында оң нәтиже берген соң, бірнеше жыл бұрын бағдарламаны бізде де сынап көруге бел буыпты. Алайда, қоғамда қызу талқы туған соң, ашу келтірген сауалдар қайта қарастырылады деп отыр.

ЕРЖАН ЖИРЕНБАЙ, ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
«Бүгінгі күні біз бұл мәселені өзіміздің тарапымыздан талқылап, осы сұрақтарды қайта қарау тапсырылды. Осы бойынша жұмысты қазір жалғастырып жатырмыз».

Айта кету керек, еліміздің біраз мектептерінде бұл сауалнама жүргізілмейді екен. Бұл жергілікті билік өкілдерінің құзырындағы мәселе дейді. Ал сауалнамадан бөлек, тағы екі түрлі оқыту шараларын қамтыған бағдарламаны жасақтауда тек ЮНИСЕФ емес, отандық ғалымдар да үлес қосыпты.

Соңғы жаңалықтар