Жарияланды: 800

Өзін-өзі өртеу кезінде Е.Бектібаев есірткіге елтіген күйде болған - ҚР Бас прокуратурасы

Өзін-өзі өртеу кезінде Е.Бектібаев есірткіге елтіген күйде болған - ҚР Бас прокуратурасы

Қаза тапқан Е.Бектібаевпен бірге болған барлық адамдар - оның таныстары мен туысқандары

оқиға орнында бейнетүсірілімге және өртті сөндіруге жауаптылардың рөлдерін алдын ала бөлген. Сараптама ол өзін-өзі өртеу кезінде есірткіге елтіген күйде болғанын көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 24 қазанында Тараз қаласында 1995 жылы туылған Бектібаев Ерлан Абдуллаұлы өзін-өзі өртеп жіберді. 
Күю салдарынан Е.А. Бектібаев қалалық ауруханада қайтыс болды.
Дәл сол күні Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану)бойынша тергеу басталды.

Сонымен бірге, тергеп-тексерудің жан-жақтылығы мен объективтiлігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі орталық аппараттарының аса тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын және Бас прокурордың аға көмекшісі жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Тергеп-тексеру шеңберінде қаза болғанды ұстауға қатысты барлық материалдар алынып, зерделенуде, осыған қатысқан полиция қызметкерлерінен айғақтар алынды.
Бүгінге ағымдағы жылдың 22 қазанында Бектібаев ұсталынып және жеке басын тiнту барысында одан есірткі зат - жалпы салмағы 285,9 гр. гашиш табылғаны анықталды. Медициналық куәландыру кезінде Бектібаевпен есірткіні тұтыну фактісі анықталды. Осы факті бойынша басталған тергеу шеңберінде Бектібаев өзі шақыртқан адвокаттың қатысуымен одан табылған есірткі затты сақтағаны жөнінде мойындау айғақтарын берген.
Кінәні мойындағанын, сондай-ақ тергеумен ынтымақтастыққа ниет білдіргенін ескере отырып, сол күні, яғни ағымдағы жылдың 22 қазанында күдікті тергеушіге келу туралы міндеттемемен үйіне жіберілген.
Ұстап алу және жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығына баға Е.А.Бектібаевты өзін-өзі өлтіруге дейiн жеткiзу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің мүмкін құқыққа қайшы әрекеттері туралы болжамдарды тексеру шеңберінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен беріледі.
Бүгінгі күнге оқиға орнында Е.А.Бектібаевпен бірге болған барлық адамдар - оның таныстары мен туысқандары анықталып, айғақтар алынды.
Алынған айғақтарға сәйкес олар оқиға орнында қаза тапқанның өз өтініші бойынша болған және жәрдем көрсеткен, оларға Бектібаевтың тек аяғын өртеу ниеті туралы ғана белгілі болған. Акцияға қатысушылар бейнетүсірілімге және өртті сөндіруге жауаптылардың рөлдерін алдын ала бөлген.
Тергеумен қаза болғанның жеке басы туралы мәліметтер де зерделенуде.
Е.А.Бектібаев Тараз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студентіне  ауыр пышақ жарақаттарын салғаны, сондай-ақ Алматы қаласында бірқатар ұрлық жасағаны үшін 2015 жылғы маусымда қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны (4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған) анықталды. Әкесі бар, анасы 2013 жылы қайтыс болған, Тараз қаласында туысқандарында тұрған, базарда жүк тасушы болып жұмыс істеген.

Сараптама ол өзін-өзі өртеу кезінде есірткіге елтіген күйде болғанын көрсетті. 
Бұрын Бектібаев прокуратура органдарына полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінбегенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасуда, кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауда.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмысының барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін