Өзін-өзі өртеу оқиғасынан кейін бас прокурор Жамбыл облысына тексеру жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзін-өзі өртеу оқиғасынан кейін бас прокурор Жамбыл облысына тексеру жіберді

Қазақстанның бас прокуроры қайтыс болған әйелді жерлеу рәсімін өткізу үшін отбасына жәрдем беруді тапсырды.

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген Майра Рысманованың әпкесі Дания Рысманованы қабылдап, Жамбыл облысына тексеру жіберуге бұйрық берді деп хабарлайды sputniknews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурор жақын адамының мерзімсіз қазасына байланысты Рысманованың әпкесіне көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін жәрдем беруге тапсырма берді. "Ұлының заңсыз сотталуы туралы берген Рысманованың дәйектері облыстық полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған өзге жеті қылмысты тергеу барысында тексеріледі. Тергеу нәтижелері бойынша, Е. Ахметовті ұрып соғып, зиян келтіргені үшін айыпталған облыстық ІІД қызметкері Жидешевті Тараз қалалық соты соттады", — деді ведомствода. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Істің апелляциялық тәртіппен қаралуы 2016 жылы 20 желтоқсанға тағайындалды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы тұрғындарының ІІД қызметкерлері іс-әрекетіне түсірілген шағымдарының көбейіп кетуіне байланысты Бас прокурордың тапсырмасымен нақты қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдерді тексеру үшін көрсетілген облысқа баратын Ведомствоаралық топ құрылды. Топты Бас прокурордың орынбасары Еңлік Кененбаев басқарады.

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 619
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар