"Өз-өзімді қорғай алмадым": Заманбек Нұрқаділовтың немересі өз пәтерінде зорланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз-өзімді қорғай алмадым": Заманбек Нұрқаділовтың немересі өз пәтерінде зорланды

"Өз-өзімді қорғай алмадым": Заманбек Нұрқаділовтың немересі өз пәтерінде зорланды

Лесбиянка Нұрбибі Нұрқаділованы өзінің пәтерінде танысы қорлап кетті.

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 3851
Фото - Caravan.kz

Блогердің үсті-басы көгеріп, қан-жоса болған, деп хабарладйы Caravan.kz медиа порталы. 

30 жастағы Нұрбибі аяғындағы жарақатын емдеу үшін танысын пәтеріне шақырған. Танысы келерде дүкеннен ішімдік алыпты. Масайған соң Нұрбибіге деген сезімін айтып, дауыс көтере бастаған.

"Бір жарым сағат пәтерімнен шыға алмадым. Физикалық және моральдық қорлауға тап болдым. Ол маған тек күш қолданып қана қоймай, қолына пышақ алды. Аяғымдағы жарақатқа байланысты өз-өзімді қорғай алмадым,"-дейді Нұрбибі.

Жауапсыз сезімге тұншыққан қыз Нұрбибінің сөздерін тыңдамай, денесіне әр түрлі деңгейдегі жарақаттар салған.

"Ең сорақысы ол өзінің мені қорлап жатқанын түсінбеді. Ол жәй ғана әңгімелесіп жатырмыз деп ақталды. Өз-өзімді қорғау әрекетім оған теріс көрінді. Есі дұрыс адам сенің қасында пышақпен тұрмайды ғой", -дейді қорлық көрген Нұрбибі.


Пәтерден қашып шықпақ болған Нұрбибіні танысы кері қайтарып, итеріп жібергенде, ол қарақұспен еденге құлап түсе жаздапты. Ашуға булыққан әйел оның телефонын тартып алса керек. Сәтін салғанда Нұрбибі өзге құрбысынан көмек сұрап үлгерген. Жарты сағатта сол құрбысы келіп, құтқарып алды. Бір қызығы, Нұрбибі полицияға шағым түсірмеген.

Заманбек Нұрқаділовтың немересі қазақстандықтарға жақсы таныс. Оған осыған дейін өзге лесбиянка қыз тұрмыс құруға ұсыныс жасап, тіпті неке жүзігінде сыйлаған. Сондай-ақ, ол Қазақстанда бір жынысты некені заңдастырғысы келеді.

Соңғы жаңалықтар