Өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен: Шымкентте ер азамат 18 жастағы аруды алып қашып, кейін оны зорлап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен: Шымкентте ер азамат 18 жастағы аруды алып қашып, кейін оны зорлап тастаған

Өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен: Шымкентте ер азамат 18 жастағы аруды алып қашып, кейін оны зорлап тастаған

18 жастағы бойжеткенді шымкенттік азамат алып қашып, одан кейін оны зорлап тастаған.

  • 5 Ақпан 2019
  • 143
Фото - Caravan.kz

Арудың көрген қиыншылықтарын Еркін Кахаров есімді азамат өзінің Facebook парақшасында жазған.

"31 қаңтар күні 3-ші қабаттан 18 жастағы Аружан есімді бойжеткен секіріп кетеді. Бойжеткеннің омыртқа зақымданған, бас жарақатынан алған. Аружанды осы жылдың 18 қаңтары күні Сұлтан есімді жігіт алып қашып кеткен. Сұлтан есімді біреу тіпті оның қалауын сұрамай оны зорлаған. Бойжеткеннің 3-ші қабаттан секіруіне сол Сұлтан кінәлі. Одан кейін өзін Сүлейменмін деген Сұлтан 3 рет үйленбек болған екен.

Аружанның бай ата-анасы, ол үшін тұра алатын ағалары жоқ. Ұялшақ, жап-жас қарапайым ауылдың қызы. Барлық қыздардың арманындай, оның да бала сүйіп, жұрт секілді тұрмысқа шыққанды армандаған шығар. Бірақ оның барлығы енді орындалмас арман болып қалды. 

Әйелінің үшінші қабаттан секіргенін біле тұра, Сұлтан есімді ер азамат ешқандай шара қолданбаған. Танымайтын жандар 1 сағаттан кейін жедел-жәрдем шақырған. Ал бойжеткеннің ата-анасы қызының өз-өзіне қол жұмсағанын бір күннен кейін барып қана білген. 

Полицияға хабар берсеңдер өлтіреміз деп жігіт пен оның ата-анасы өзіне қол жұмсаған бойжеткеннің ата-анасын қорқытқан. 

Ауруханаға барған кезекші полицей не үшін мұндай жағдай болғанын сұрауы керек еді, бірақ ол тіпті бойжеткеннің қандай жағдайда екенін де сұрамаған. Шымкент қаласының ішкі істер департаментіне бұл істі жіті бақылауға алуларыңызды сұраймын. Бұл аруға психолог маманының да көмегі қажет. Бір адамның өмірі астаң-кестең болды. Азаматша жалғыз шешім суицид десе, онда бұл бүкіл қоғамның мәселесі", — деп жазды ол.


Бұл жағдайға Шымкент қаласының полиция департаменті жауап берді.

"Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында 19 жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы «адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін күдікті Әл-Фараби ауданының ПБ-на жеткізілді.
ҚР ҚПК-нің 201 және ҚР ҚК-нің 147-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды", — деп жауап берді Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткеннің жасына қателескенімен, Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі осылай жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар