"Пәк боп тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние": Маман бойжеткендердің жыныстық дамуы өзгергенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пәк боп тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние": Маман бойжеткендердің жыныстық дамуы өзгергенін айтты

"Пәк боп тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние": Маман бойжеткендердің жыныстық дамуы өзгергенін айтты

Психолог маман Кербез Егінбаева  қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін мәлімдеді. 

  • 7 Тамыз 2023
  • 3449
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Podcast Time" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді", — дейді ол. 

Психолог қыз балалардың жыныстық дамуында да едәуір өзгерістердің болып жатқанын айтты. 

"Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жаныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда  9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес", — дейді психолог маман.


Желі қолданушылары  психологтың бұл пікірі дұрыс еместігін жарыса жазуда.

"Жастарға не тәрбие беріп отыр, мына қыз?", "Масқара", "Кербез қалай коуч болып жүр. Не үйрете алады…", — деп жазды олар.

 

Соңғы жаңалықтар