«Пәк қызыңды қорласа Борат шошқа»: Ашынған Балғынбек Имаш «Үкімет үнсіз, МИД талапсыз» деп ашығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пәк қызыңды қорласа Борат шошқа»: Ашынған Балғынбек Имаш «Үкімет үнсіз, МИД талапсыз» деп ашығын айтты

«Пәк қызыңды қорласа Борат шошқа»: Ашынған Балғынбек Имаш «Үкімет үнсіз, МИД талапсыз» деп ашығын айтты

Борат-2 фильмі мен көк туды қорлаған боратшылардың әрекетінен соң қоғам қайраткелері мен өнер адамдары өре түрегелді.

  • 26 Қазан 2020
  • 160
Фото - Caravan.kz

Солардың бірі белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Үкімет үнсіз, Мид талапсыз» деп ашығын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кешелі бері желілер жалауға толды-ау. Борат болмаса байрақтың қадірін білмес пе едік? Таласқа түссе жан мен ту…
Намыс үшін, ту үшін, ел үшін құрбан болған жақсы ғой. Бірақ, бір сәтке желіде желпілдемей, күн сайын сол намысты ту етіп өмір сүргенге не жетсін!? Қазақша сөйлеп, қазақша киініп, қазақтың әнін айтып, күйін тыңдап, салтымен жүріп, ғұрпымен ұрпағыңды тәрбиелеп, ата-анаңды қадірлеп, жарыңды сыйлап, туғун-туыспен тату, туған жеріңнің топырағын сүйіп, жапырағын жұлмай, Алашқа ұл, Аллаға құл болғанға не жетсін?
Боратты өлтіреміз бе? Қош, бір батыр шықса ол да болар. Бірақ, Борат жәй актёр ғана. Оның артында қазақты қорлауды, масқаралауды, бүлдіруді, арандатуды, қоздыруды қалайтын топ бар! Намыс оянса, кек алудан бұрын ел болуды ойлайық!»,- деді ақын. Балғынбек Имаш қалғанын өлең жолдары арқылы жеткізді.

Көк туыңды қорласа Борат қасқа,
Амал бар ма қарғысты боратпасқа?
Біздің Намыс оянған шығар, бәлкім,
Көк байраққа толған жоқ торап босқа.

Өрмелесе биттей боп Борат басқа,
Бырт еткізіп сықтағы оны ап таста.
Көк Байрақтың астына жинал, Қазақ,
Жаманатты жұртыңа жолатпасқа.

Бейбарыстың орынын Борат басса,
Құлқыныңды бұзғаны қомақты ақша.
Бұдан былай ақшаның құлы болып,
Өз еліңнің ырысын тонап шашпа!

Байлығыңды әркімге таратпасқа,
Жыртығыңды бүгіннен жамап баста.
Министр ме, әкім бе, Президент пе,
Қазынаңа қол салса қамап таста.

Пәк қызыңды қорласа Борат шошқа,
Құпиясын қызыңның қонаққа ашпа.
"Киімі бар жалаңаш" жүргендердің,
Әурет жерін жаулықпен орап таста.

Арын сатқан арсызды сабап таста,
Тасборан ғып қабірін қалап таста.
Қыздың ары — Аманат, қорғамасаң,
Қияметте көзіңнен қан ақпас па?

Басқыншыға күніңді қаратпасқа,
Қасың менен досыңды санап баста.
Сойы бөтен көршімен сыйлассаң да,
Ойы бөтен елдермен одақтаспа.

Бұл әрекет — жауға сес, сабақ досқа,
Егер бұлай етпесең, сауап тоспа.
Ұлың Батыр болмаса, Қызың Арлы,
Бірін құртсаң шығады Борат басқа.

Мұнымен шектелмеген Балғынбек Имаш мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу тастады. Ол бұл шаруаны сізден басқа ешкім шеше алмайды деген мағынада өлең жолдарын арнады:

Тыныш еді өмірім ит Боратсыз,
Ұят уын қашанғы ұрттамақпыз?
Туымызды тексіздер таптап жатыр,
Үндемейді Үкімет, МИД талапсыз.

Бұл шаруаны шешіңіз биік қарап Сіз,
Шешпесеңіз қалайша ұйықтамақсыз?
Дипломаттар ішінде — Президентсіз,
Президенттер ішінде — Дипломатсыз!

Соңғы жаңалықтар