Жарияланды: 450

Пәкістан және Сауд Арабиясы елшілерімен кездескен ҚР парламенті сенатының төрағасы парламентаралық байланысты дамыту мәселесін талқылады

Бүгін 6-сәуірде Алматыда ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Али Бин Мухаммед Аль-Хамдан және Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дюррей Шахвар Курейши мырзалармен жүздесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында парламентаралық байланысты дамыту мәселесі талқыланды. Дипломатиялық миссиялардың басшылары Н.Әбіқаевты сенат төрағасы болып тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 10-наурызында мемлекет басшысының шешімімен Н.Әбіқаев сенаторлыққа тағайындалды. Сол күні ол парламенттің жоғары палатасының жетекшісі болып бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін