Пәкістанда бес жыл бұрын тұтқынға түскен губернатордың ұлы аман-сау табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістанда бес жыл бұрын тұтқынға түскен губернатордың ұлы аман-сау табылды

Пәкістанда бес жыл бұрын тұтқынға түскен губернатордың ұлы аман-сау табылды

Пәкістанда 2011 жылы тұтқынға түскен Пенджаб губернаторының ұлы Шабаз Тасир табылды, оны Белуджистан провинциясының күш құрылымдары тапқан. Ол дін аман, деп жазады Би-би-си.

  • 9 Наурыз 2016
  • 285
Фото - Caravan.kz

Басқа ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан губернатордың ұлын сатып алған болуы мүмкін. Ұрлаушылар мен оны ұстап отырғандар жайлы деректер хабарланбайды.

Шабаз Тасир — 2011 жылы өз оққағары қолынан қаза тапқан Пенджаб штатының губернаторы Салман Тасирдің ұлы.  Әкесі өлгеннен кейін бірнеше айдан соң оны ұрлап кеткен.   

Губернатор Салман Тасир Исламабад орталығында өлтірілді. Ол Пәкістанның белгілі саясаткерлерінің бірі болған.