«Пәктігін 500 мың теңгеге сатты»: Күдіктінің Аяжан Еділованы өлтіру себептері белгілі бола бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пәктігін 500 мың теңгеге сатты»: Күдіктінің Аяжан Еділованы  өлтіру себептері белгілі бола бастады

«Пәктігін 500 мың теңгеге сатты»: Күдіктінің Аяжан Еділованы өлтіру себептері белгілі бола бастады

Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін ол қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып бір апта көлемінде тауып беретінін айтады.

  • 31 Наурыз 2021
  • 6151
Фото - Caravan.kz

Аяжан Еділованың өліміне күдікті Төребеков полиция қызметкерлеріне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Kun.kz сайтының жазуынша, күдікті Төребеков Аяжанмен "Badoo" желісі арқылы танысып, ватсап арқылы бірнеше күн сөйлескен. Сөйлескен кезде Еділова онымен жыныстық қатынасқа түсу үшін 500 мың теңгеге келіскен. Сол үшін жігіттің үйіне өз еркімен келген. Жігіттің сөзінше, ол Аяжанмен кешкі 20:30-да кездесіп, келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен.

Жыныстық қатынаста болғаннан кейін, жігіт қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып бір апта көлемінде тауып беретінін айтады. Бұл ұсынысқа көнбеген Еділова полицияға "зорландым" деп шағымданатынын айтқан. Міне осы жағдайдан кейін Төребеков оны белбеуімен қылқындырып, ас үй пышағымен денесін бөлшектеп тастайды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде осылай түсінік берген Төребеков барлық кінәсін мойындайтынын айтқан.


Аталған мәліметтерді, Skifnews.kz ақпарат портал Kun.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Аяжан Еділованы аяусыз өлтірген күдіктінің суреті жарияланғандығы және оны өлтірген маньяк ауруханадан шыққандығы туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар