"Памперс киген бала белсіз болуы мүмкін": Уролог подгузниктің адамшошырлық зиянын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Памперс киген бала белсіз болуы мүмкін": Уролог подгузниктің адамшошырлық зиянын айтты

"Памперс киген бала белсіз болуы мүмкін": Уролог подгузниктің адамшошырлық зиянын айтты

Уролог-андролог Максет Рыспаев бір реттік жаялықтардың болашақ ұрпақ үшін қаншалықты қауіпті екенін мәлімдеді. 

  • 5 Қыркүйек 2023
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Бұл туралы ол "Abay live" YouTube бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Негізі памперсті ауру балаларға арнап шығарған. Туа салып жыныстық органдарына операция жасаған балаларға кигізіп қояды. Тек ауырып жатқан адамдарға арнап шығарған, сау балаларға емес. Енді оны бізде дені сау балаға да кигізе береді. Бұл қалыптасқан дүние — қате. Бұл 90-шы жылдардан кейін шықты. Еркек адамның жыныстық органы екі жұмысты атқарады. Бірінші жұмысы — тестостерон істеп шығарады, ал екіншісі — сперматозоид істеп шығарады. Сол орган кішкентай кезінде біз оған памперс кигізіп қоямыз. Жұмыртқа еркек кісілерде сыртта орналасқан. Не үшін? Денеден температурасы бөлек болғандықтан. Дене температурасы 32 болса, машонканыкі 32. Егер біз памперс кигізетін болсақ, жыныс мүшесі қызып кетеді. Бала сигенде памперстің іші 38-39  градусқа дейін қызады. Сол кезде жұмыртқаның ішінде сперматозоид істеп шығаратын клеткалар өліп қалады немесе мутацияға ұшырайды. Клетка өзгерсе, спермотозоидтың та формасы бұзыла бастайды. Спермотозоидтыі ішінде ДНК бұзылады. ДНК бұзылса, ақпарат бұзылады. Әрбір ДНК-ның ішінде 23 хромосома бар, солардың ДНК-сы бұзылып кеткен кезде ол сперматозоидтан бала болса да түсіп қалады. 40 аптаға дейін өспейді, 4-5 аптада түсіп қалады", — дейді ол.

Сондай-ақ, маман памперсті үзбей киген балалардың болашақта белсіз болу қаупі жоғары екенін де атап өтті.


"Памперсті үзбей киіп өскен баланың ертең белсіз болуы әбден мүмкін.  Қандай фактор болса да организм күреседі. Бұл жағдайда температурамен күреседі. Сол кезде біреуге қатты әсер етсе, біреуге орташа әсер етеді, біреулерге мүлде әсер етпейді. Қатты әсер еткендерде ұрық болмайды. Жігіт жас, денсаулығы  мықты, тума аурулары жоқ болса да ол жігітке эко істеуге шанс жоқ. Өйткені, ұрық шығаратын жерге биопсия жасап, ұрықты шығаруға әрекет жасайды. Бірақ, ұрық жоқ. Медицинада бұл тақырып толық зерттелген жоқ. Бұл аурудың бір себебі — памперсті үзбей кигізу. Бірақ отбасылық жағдайларға байланысты кигізетін болсаңыз, бір размерге үлкенін кигізу керек. Сол кезде баланың жыныстық органдары бос тұрады", — дейді уролог маман.

 

Соңғы жаңалықтар