Бұл туралы 10 шілде күні өткен кеңес кезінде облыстық соттың төрағасы Бек Аметов хабарлады, деп жазады «Уральская неделя».
«Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін Зеленовский аудандық №2 сотының төрағасы Бақытжан Сатыбалдиев Мемлекет басшысының Жарлығымен өз қызметінен босатылды. Қазір Бақытжан Сатыбалдиевке қатысты тергеу жүргізілуде», — деді облыстық соттың төрағасы.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 18 ақпанында «Ғинаят Құрылыс» ЖШС директоры БҚО Қаржы полициясы департаментіне барып, Бақытжан Сатыбалдиевтің әкімшілік материал бойынша айыппұл салмау үшін 200 мың теңге көлемінде ақша бопсалағанын хабарлаған.
Сол күні қаржы полицейлері арнайы жедел іздеу шараларын өткізді, оның барысында Сатыбалдиевтің өз жұмыс кабинетінде пара алғаны тіркелді.