Пара алған полицейлерге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алған полицейлерге іздеу жарияланды

Пара алған полицейлерге іздеу жарияланды

Пара алып, күдікке ілінген полицейлерге іздеу жарияланды.

  • 19 Сәуiр 2019
  • 51
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшылары қашқанымен қоймай, жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерлеріне оқ атыпты. Оқиға Алматы облысында болды. Ал еліміздің шығысындағы ауыл әкімі қызметкерлерге берген сыйыақыдан үлес талап етіп, креслосынан айырылды. Парақорлармен күрестен бөлек салада бірқатар өзгерістер болмақ.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгіннің басты ньюсмейкері болғандай. Жер-жерде, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардағы пара алу деректерін тізіп отырған олар Алматы облысындағы тентек тәртіп сақшылары туралы да баяндады.

Панфилов ауданындағы әкімшілік және жергілікті полиция бөлімшелерінің басшылары мен 2 патрульдік қызметкер 700 мың теңге пара алған. Полицейлер бұған дейін әлдебір азаматтан 2,5 мыңдай ондатр терісін тәркілеп, қайтарғың келсе сатып ал деп талап қойса керек. Жымысқы әрекеттің үстінен түскен агенттік қызметкерлеріне оқ атып, із жасырған.

АРМАН БЕРДАЛИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
«Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына 3 рет оқ атты. Нәтижесінде 3 қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Аталған факті бойынша Панфилов ауданы полиция бөлімімен ҚР ҚК 380-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Қазіргі уақытта бой тасалаған тұлғаларды іздестіру іске асырылып жатыр».

Ал шығыстағы әкім қоластындағы қызметкерлердің сыйақысына көз алартамын деп креслосынан айырылды. Әр жұмысшыдан 20 мың теңге талап етіпті. Одан бөлек елдімекеннің ардагерлеріне тиесілі ақшаға да қол салмақ болған екен.

МАДИНА НАУРЫЗБЕК, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
«Алтай ауданының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтауға және әкім аппаратының басқа да әкімшілік шығындарына арналған ақшалай қаражатты тапсыру қажеттілігін хабарлады. Егер сыйақы қызметкерлермен тапсырылмаса, онда келесі жолы сыйақылар берілмейді және жұмыста келеңсіз жағдайлар туындайтынын ескерген. Тәртіптік істі қарау нәтижесінмен аудан әкімінің өкімімен Панкратьева Алтай ауданы, Октябрьский кентінің әкімі қызметінен босатылды».

Бұл бүгін баяндалған деректердің тек бірнешеуі ғана. Парақорлармен күресіп жүрген агенттік ішінде де біраз өзгеріс бар екен. Ондағы басшылар кең кабинеттен бас тартып жатқан көрінеді.

ХАКИМ ҚОШҚАЛИЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:
«Жалғыз өзім приемныйым жоқ, хатшым жоқ. Қызметкерлер кіремін десе, есік ашық. Кең бөлмелерден бас тарту қиын болған жоқ па? Жоқ. Ода тұрған ештеңе жоқ. Аллаға шүкір біздің енді менталитет сразу өзгерді. Былтырғы жылдан бері, оптимизация дегенде. Өзіміз сол оптимизацияның пайдасын көріп отырмыз. Мысалы біздің коллегаларымыздың жалақысы екі есе өсті».

Бүгіннен бастап, агенттік қызметкерлерінің жұмыс уақыты да өзгереді. Енді мамандар жұмысқа таңғы сегіз жарымда келеді. Түскі үзіліс жарты сағатқа қысқарып, кешкі 17-30-да үйлеріне қайтады. Осылайша жеке шаруаларын шешуге уақыт болады деп отыр. Бұл жаңашылдық оң өзгеріс әкелсе, тәртіп өзге де мемлекеттік органдарға енгізілуі мүмкін

Соңғы жаңалықтар