"Парамен ұстап бердім": Көзіне шөп салған күйеуін түрмеге тоғытқан әйелдің жазбасы елдің назарын аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Парамен ұстап бердім": Көзіне шөп салған күйеуін түрмеге тоғытқан әйелдің жазбасы елдің назарын аударды

"Парамен ұстап бердім": Көзіне шөп салған күйеуін түрмеге тоғытқан әйелдің жазбасы елдің назарын аударды

Ғаламторда күйеуінің көзге шөп салғанын кешірмеген әйелдің сөзі көптің жағасын ұстатты. 

  • 22 Маусым 2023
  • 361
Фото - Caravan.kz

Menin alemim zharyq парақшасының иесі күйеудің көзге шөп салуы туралы жазбаның астына пікір қалдырып, өз оқиғасымен бөліскен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"Менің күйеуім де көзге шөп салып, қазір түрмеде. Парамен ұстап бердім. Үлкен қызметте істейтін еді. Қазір қызметі де жоқ. Ойнасы да жоқ. Әйелі, бала шағасы да жоқ. Түрмеге 12 жылға кетті", — деп жазған ол. 

Желі қолданушылары 100-ден астам пікір қалдырған. 

Бірі "Дұрыс. Аяудың қажеті жоқ" десе, енді бірі "Кешіру керек еді" деп жазуда. Көпшілік "неткен қатігездік" деп жаға ұстады.


Автор бұған дейін бірнеше мәрте кешіргенін айтып, жауап берген. Және "(Балаларыма) әкең зинақор болды дегеннен парақор болды дегенім жеңіл" деп жазады. 

Соңғы жаңалықтар