Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері қорытындыланды

Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері қорытындыланды

Париждың әйгілі «Théâtre de la Ville» театрында Қазақстанның Франциядағы мәдениет маусымының қорытындысы шарасы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. 

  • 12 Қараша 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан күні» ауқымды бағдарламасының аясында меймандар қазақ халқының қонақжайлылығымен таныса алды. Француздар үшiн арнайы ұлттық нақыштағы әшекейлермен безендірілген киiз үй орнатылды. Ал бүлдіршіндер үшін қазақ мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды, сондай-ақ олар қазақ музыкасымен танысып, түрлі сурет үйірмелеріне қатысты.

«Қазақстан күнi» шарасы жергілікті жұртшылықты тамсандырған домбыра, қобыз және сыбызғы ұлттық музыкалық аспаптар шеберлерінің концертiмен аяқталды.

«Бұл шаралар мәдени қарым-қатынастарды және екi ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарды байытуға мүмкiндiк бердi, сонымен бiрге француздардың Қазақстан жайлы, оның халқы мен даму деңгейi және дәстүрлері туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.