Париждегі лаңкестіктен кейін әуежайларда жолаушыларды шешіндіріп тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі лаңкестіктен кейін әуежайларда жолаушыларды шешіндіріп тексеріп жатыр

Париждегі лаңкестіктен кейін әуежайларда жолаушыларды шешіндіріп тексеріп жатыр

Франция астанасындағы жантүршігерлік оқиғаларға байланысты еліміздегі әуежайларда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Қазір жолаушыларды кіреберістен бастап тінтитін күзетшілер тіпті қол сөмкенің ішін ақтарып, күдік тудырған тұрғындарды шешінуге мәжбүрлеуде. Аяқ киім тұрмақ, шұлыққа дейін шешінген жұрттың көбі бұрын-соңды болмаған мұндай тексерістен тіксініп қалған. Дегенмен, ұшақтан қалмас үшін тәртіпке бағынудан басқа амал жоқ.  

  • 18 Қараша 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

Алматы әуежайында төрт күннен бері жолаушыдан күзетші көп. Олар табалдырықтан аттағандарды түгел иісшіл итпен тінтіп жатыр.   

-Ештеңе жоқ. Сөмкемде ештеңе жоқ деймін.

Тіпті бала отырған арбаға дейін жіті тексеріледі. Шалбардың белдігі кіреберісте шешіліп, қалтаны да ақтарып қарайды.   

Залқар Мұратәли, Алматы қаласының тұрғыны:

-Дұрыс! Әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты естіп жатырмыз сол үшін «сақтықта қорлық жоқ» дейді. Дұрыс, тексерсін.

Десе де, қауіпсіздікті күшейтіп жіберген әуежайдың бұл әрекеті жұрттың бәріне бірдей ұнап жатқан жоқ. Бұрынғыдай бір емес, екі мәрте шешініп-киіну, әсіресе, қарт жолаушыларға ауыр тиіп жатыр екен.   

-Өте қиын! Менің аяғым ауру! Оны шешіп кию үшін маған бір кісі керек!

Жолаушылар құжатын тапсырып болған соң тағы «Рапискан» арқылы да тексеруден өтеді. Мұнда енді бұрынғыдай бірлі-екілі емес, жұрттың бәрі бірдей шұлығын шешеді, ал түр-тұлғасы күдік келтіргендер мына бөлмеге жіберіледі.     

-Күдікті жолаушылардың бәрі міне мына көк түсті бөлмеге кіреді. Мұнда сізді іште нағыз инспектордың өзі күтіп тұр. – Сәлематсіз ба? Қолыңызды көтеріңіз! – «Қолыңды көтер», «тік тұр» деген бұйрыққа жолаушылардың бәрі бас июі тиіс. Міне дәл осы жерде әйел адамдарды әйел инспектор, ал ер жолаушыларды ер инспектор қарап, тіпті қажет болса киіміне дейін шештіріп, іш киіміне де қарауға қазір бұлардың құқықтары бар.

Тек бір кілтипан – әуежайға онсыз да ұшу уақытынан екі сағат бұрын барып жүрген жолаушылар енді мұнда одан да ерте жетуі тиіс. Әйтпесе, мынадай қаптаған тексерулерден кейін ұшаққа үлгермей қалуы мүмкін.  


Сүлеймен Құбаев, Алматы әуежайы қауіпсіздік қызметінің басшысы:

-Тексеру өтпеген адамдар әрі қарата ұшаққа өткізілмейді. Сондықтан, амал жоқ олар тексерілуге міндетті. Ішіп алғандар, ішімдік ішіп келгендер бір жерден, я болмаса бір жерден ашуланып келгендер таксиде жолда басқа жерде, ал жалпы олар бәрі түсінеді. Ұшаққа өту үшін тексерілуі керек екенін бәрі түсінеді. Сондықтан айтқан нәрсенің бәрін орындайды.

Тек Алматыда ғана емес, Астана, Ақтау қалаларындағы халықаралық әуежайлардың да қауіпсіздік қызметтері жұртқа айтқанын орындатып жатыр. Ол жерлерде де тексеру күшейген. Күні-түні күзет қойылып, әуежайдың сыртына дейін сақшылар жүр.  

Соңғы жаңалықтар