Парламент 2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңды қабылдады

Парламент 2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңды қабылдады

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасы заңын қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 339
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабьарлағанымыздай, 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыру, салық салынатын базаның аясын кеңейту және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Елордасы әкімдерінің дербестік деңгейін көтеру үшін айқындалған.

Бюджеттік алулар мен субвенциялардан тұратын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі мынадай : 2008 жылы бюджеттік алулар 81 752 134 мың теңге, 2009 жылы — 89 922 302 мың теңге, 2010 жылы — 77 663 111 мың теңге. Бюджеттік субвенциялар 2008 жылы 449 066 155 мың теңге, 2009 жылы — 526 926 835 мың теңге, 2010 жылы — 645 354 441 мың теңге болмақ.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті