Парламент 2012-2014 жылдарға арналған нақтыланған бюджетті қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2012-2014 жылдарға арналған нақтыланған бюджетті қабылдады

Парламент 2012-2014 жылдарға арналған нақтыланған бюджетті қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.

  • 8 Қараша 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Болжамдарға сәйкес нақтыланған параметрлерге орай 2012 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5,4 пайыз деңгейінде бағаланады. Бұл бұрынғы қалыптасқан болжамнан 0,6 пайызға төмен.

Сондай-ақ, мұнайға орташа баға 1 баррель үшін 100 долларға дейін ұлғайтылып нақтыланған. Ал, инфляция жыл аяғына дейін 6-8 пайыз дәлізінде сақталады. Осыған орай Парламент қабылдаған заңда түсімдерді азайту, шығыстарды қысқарту және ысыраптарды жабу үшін бюджет тапшылығын ұлғайту көзделеді. Дегенмен, шығыстарды қысқарту зейнетақы және әлеуеттік төлемдерді, жалақы мен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде дәрілік препараттарды сатып алуды, қауіпсіздік және басқа да кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін шараларға қатысты болып табылмайды. Осыған орай қабылданған заң бойынша 2012 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 4 трлн. 854,1 млрд. теңге көлемінде айқындалды. Бұл бұрын бекітілген бюджетпен салыстырғанда 382,8 млрд. теңгеге төмен. Ал, салықтық түсімдер бекітілген жоспарға қарағанда 414 млрд. теңгеге азайтылып, 2 трлн. 951,7 млрд. теңгені құрайтын болады. Корпоративтік табыс салығы 303,6 млрд. теңге сомасында болжанған.

Ал, 2012 жылға арналған бюджеттің шығыстары 179,5 млрд. теңгеге азайтылып, 5 трлн. 837,3 млрд. теңге сомасында нақтыланып отыр. Соған орай бюджеттің бұл жолғы нақтылануы белгілі бір жолдар бойынша күтілетін және игерілмейтін сомалар бойынша шығыстарды қысқарту қарастырылады. Бюджет тапшылығы 983,1 млрд. теңгеге, яғни жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызына дейін ұлғайтылады.

Еске сала кетсек, былтыр бекітілген бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызын құраған болатын. Яғни, тапшылық 203,3 млрд. теңгеге ұлғайтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар