Парламент әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясын құрды

Парламент әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясын құрды

Астана. 9-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Әскери киімді заңды және жеке тұлғалардың пайдалануын (киюін) шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталарының келісім комиссиясын құруға шешім қабылдады, деп хабарладйы Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Парламент палаталарының келісім комиссиясын құруды ұсынамын»,- деді жалпы отырыста сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Ержан Исақұлов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, түзетулерге сәйкес, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен «Күзет қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер «әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға «республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын» түзетулер енгізіледі.

Сенаттың заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаттың Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізген түзетулеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың формалы киімдерінің түрлеріне жалпылама айқындайтын формулировканы нақтылау ұсынылған. Сонымен бірге, коммерциялық емес ұйымдардың күзет бөлімшелерінің әскери киімдерді, мемлекеттік органдардың арнаулы киімдері мен құралдарын арнаулы белгі және символикаларымен заңсыз киіп жүргені үшін жүктелетін жауапкершілік анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті