Парламент Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті

Парламент Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияға қол қоюдағы мақсат — сыбайлас жемқорлықтың алдын тиімді әрі ықпалды алуға бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға қолдау көрсетуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жеңілдету мен қолдауға, соның ішінде, заңсыз жолмен тапқан активтерді қайтару шараларын қабылдауға септігін тигізуге саяды.

Конвенцияда «сыбайлас жемқорлықтың, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыны басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысуына бағытталған шаралар кешені» қарастырылған.

Конвенцияны БҰҰ Бас ассамблеясы 2003 жылдың 31 қазанында Нью-Йоркте қабылдаған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті