Парламент депутаттары ұялы байланыс операторларын қазақ тілін енгізуге мәжбүрлеуді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент депутаттары ұялы байланыс операторларын қазақ тілін енгізуге мәжбүрлеуді ұсынып отыр

Парламент депутаттары ұялы байланыс операторларын қазақ тілін енгізуге мәжбүрлеуді ұсынып отыр

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Жаңа Қазақстан" депутаттар тобының жетекшісі мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов ұялы байланыс операторларын ақпараттық және мәтіндік хабарламаларында қазақ тілін пайдалануды қамтамасыз етуге мәжбүрлеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Мамыр 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тиісті түзетуді депутат қазіргі уақытта парламент мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына енгізген.

Бүгінде ұялы байланыс қызметінде SMS-хабарламаларды жастар көп пайдаланады. Мемлекеттік тілдің ұялы байланыста қолданыс табуы жастар арасында қазақ тілінің тартымдылығы арттырып, соның нәтижесінде тілдік ортаның кеңеюіне септігін тигізеді»,- дейді мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша жасақталған мәжілістің жұмыс тобы аталмыш ұсынысқа қолдау білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті