Жарияланды: 570

Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді. Сол себепті депутаттар колония аумағына жіберілген жоқ. Бұл туралы бүгін, 1-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында палатаның бірқатар депутаттары қол қойған депутаттық сауалға жауап беру барысында ҚР әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Нұрлан Смағұлов хабарлады. Оның айтуынша, 6-тамызда колонияның дәрігерлік бөлімшесіне бірнеше тұтқын көмекке жүгінген. Олар күрделі ішек инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдік бар. "Мекемеде жұқпалы аурулардың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шектеу шараларының қолданылу себебі осыда",- деді Н.Смағұлов. Атап айтсақ, "ҚР азаматтарының санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі жөніндегі" заңның 11-бөліміне сәйкес, УК 161/4 түзету мекемесі бастығының бұйрығы бойынша 7-тамыз күнгі 14 сағаттан бастап мекемеде карантин жарияланған"-деді ол. Осындай ахуалға байланысты "колонияда қамауда отырғандардың туыс-туғандарымен жүздесуіне, мекеме жұмысына тікелей қатысы жоқ адамдардың оған келуіне тыйым салынған",- деді өз түсініктемесінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы. Оның айтуынша, УК 161/4 мекемесінің аумағындағы карантин мерзімі 15-тамызда аяқталған. "Менің қарамағымдағы қызметкерлер тарапынан заң бұзу дерегі әшкереленген жоқ",- деп атап көрсетті Н.Смағұлов. 2003-жылдың 4-қыркүйегінде мәжіліс депутаттары Төлен Тоқтасынов пен Серікболсын Әбділдин ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың атына депутаттық сауал жолдап, онда былай деп мәлімдеген болатын : "Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері парламент депутаттарының ҚР Қылмыстық атқару Кодексінің 21-бабында көрсетілген құқығын өрескел бұзды. Онда ҚР парламентінің депутаттары жазалаушы мекемелерге арнаулы рұқсатсыз кіре алады деп көрсетілген",- деп жазған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін