Жарияланды: 390

Парламент ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасындағы сыртқы шекараны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Бүгін, 20-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасындағы сыртқы шекараны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Келісімде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сыртқы шекарасында лаңкестік әрекеттерге, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттар мен психотроптық заттардың, радиоактивтік материалдардың заңсыз саудасына жол бермеу, заңсыз көші-қон және діни экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру қарастырылған. Келісімге сәйкес, ұйымға қатысушы елдер шекаралық мекемелердің ұшақтарына әуе кеңістігін, әуежайларын, қону алаңдары мен навигациялық және күн райына қатысты ақпараттарды беруге тиіс. Сондай-ақ, тараптар шекаралық мекемелер үшін кәсіби әскери мамандар дайындау және қайта дайындауда өзара көмек көрсетуі тиіс. Сыртқы шекараларды қорғау туралы келісімге 2003-жылдың 21-ақпанында Мәскеуде қол қойылған. Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін