Парламент іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерін сақтандыру туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерін сақтандыру туралы заңды қабылдады

Парламент іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерін сақтандыру туралы заңды қабылдады

Бүгін, 23-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалауылары "Іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2004
  • 819
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң парламентте қабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске кері қайтарған.
Сенаттың заң және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, аталмыш заң жобасын талқылау барысында бірқатар баптарды ҚР Азаматтық Кодексімен, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заң мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру заңдарымен сәйкестендіру үшін түзетулер енгізу қажеттігі туындаған.
«Іс-қызметімен үшінші бір жаққа зардап шектіру қаупі бар нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заң жобасы сақтандыру рыногын одан әрі дамыту және жетілдіруге, саланы тиімді реттеудегі мемлекет ролін арттыруға бағытталады. Заң жобасы сақтандырудың осы түрінің ерекшеліктерін регламенттеп, нысандарды үшінші бір жаққа қауіпті нысандар категориясына жатқызу критерийлерін , сондай-ақ, сақтандыру келісім-шартына қол қою тәртіптерін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Заң жобасы нысан иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімдері бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері мен нысандардың қауіптілік деңгейіне қарай сақтандыру сыйақыларының шектеулі мөлшерін айқындайды.