Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін палата аталмыш құжатты бірінші оқылымында мақұлдаған болатын. Сөйтіп, парламент заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, «Кедендік кодекске енгізілетін өзгертулермен 316-баптың 1-тармағының 7 тармақшасы мен 383 баптың 1-тармағының 5 абзацын қысқарту ұсынылған».
Заң жобасының авторлары — парламент депутаттарының тобы, Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 316-бабы «мәлім етілген кедендік құнды растау үшін құжаттар ұсыну» мен 383-бабының «таңдап алынған кедендік режимнің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну» жөніндегі жекелеген нормаларын жүзеге асыру «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және әкетілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді қиындатып, орындалуы мүмкін емес жағдайға әкеп соқтыратындығын » түсіндірген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті