«Мен сіздерге жұмыс тобына қатысқандарыңызға алғысымды білдіру үшін қорытынды әңгімеге шақырдым. Сіздердің өмірдегі тәжірибелеріңіз бен беделдеріңіз мен осы аптада парламент палаталарының бірлескен отырысында жария ететін Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Сіздердің ұсыныстарыңыз негізінен ескерілді. Олар бірнеше мәселеге қатысты болып отыр»,- деді президент.
«Біріншіден, президент өкілеттігінің бір бөлігін парламентке беру және парламентті сайлау жүйесі. Екіншіден, саяси партиялардың рөлі. Үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттыру. Төртіншіден, құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту. Бесіншіден, адам құқықтары мен бостандықтары кепілдігін дамыту. Осы бес тармақ бойынша біз нақты өзгерістер енгізуге тырыстық және біз оған әзірміз деп санаймын», — деді президент отырыстың ашылуында.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын парламент палаталарының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті