Жарияланды: 450

Парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары 2003-жылға арналған республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

KZ-today тілшісінің Астанадан хабарлауынша, парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары 2003-жылға арналған республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бұл шешімге 33 сенатор мен 59 мәжіліс депутаты қолдап дауыс берсе, 1 сенатор мен 7 мәжіліс депутаты қарсылық білдірген. Қалыс қалғандар жоқ. Регламент бойынша алғашқы оқылымда жобаны қабылдау - республикалық

бюджетттің кіріс бөлігі 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілгенін білдіреді. 2003-жылға арналған республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының екінші оқылымы маусымның екісіне белгіленді. Бюджет жобасын екінші оқылымға әзірлеу туралы келісім комиссиясы құрылып, комиссия төрайымына мәжіліс депутаты Татьяна Мужчиль тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть